Атырауда джип бір топ адамды басып кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Педальдерді шатастырып алған джип жүргізушісі базарда адамдарды басып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Төтенше жағдай мал базарында болған. Бұл оқиға әлеуметтік желі арқылы мәлім болды. Онда қираған «Prado» қара джипінің видеосы жарияланған. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші газ бен тормозды шатастырып, базардағы адамдарды басып кеткен. Екі ер адам түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға түсті.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиеваның айтуынша, қазіргі таңда осы жағдайға қатысты қылмыстық іс  бойынша ҚР ҚК 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Автор:

А. Соколов

Соңғы жаңалықтар