Атырауда екі көлік соқтығысып, 6 адам ауруханаға жеткізілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда екі көлік соқтығысып, 6 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 14 сәуірде кешкі сағат 19:00 шамасында болған.

«Атырау каласындағы Берғалиев көшесінде келе жатқан «NIVA» көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Сөйтіп, қарсы бағыттағы «Газ–322131» көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «NIVA» көлігінің жүргізушісі облыстық ауруханаға жатқызылды. Ал, екінші көліктегі 5 жолаушы облыстық аурухана дәрігерлерінің тексеруінен соң үйіне жіберілді», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда «Lexus» мінген әйел екі адамды қағып кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар