Атырауда екі полицей алаяқтық жасады деп айыпталуда

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда алаяқтық пен тонауға, сондай-ақ лауазымдық өкілдіктерін асыра пайдалануға айыпталған екі полиция сержантына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Атырауда екі полицей алаяқтық жасады деп айыпталуда

«Полиция қызметкерлерін Атырау облысы ІІД-нің өз қауіпсіздігі қызметі ұстады. Тергеу барысында анықталғанындай, ешқандай қатысы болмаса да олар өздерін көші-қон полициясы қызметкерлері ретінде таныстырып, сержанттар Өзбекстан азаматтарын қорқытып, тонаған. Олар жәбірленушілердің бағалы заттарын тартып алған. Жәбірленушілерге келтірілген залал 800 мың теңгеден асқан. Қозғалған қылмыстық іс тергеу үшін арнайы прокурорға берілді», - деп хабарлады өңірлік ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.