Атырауда елдің батыс облыстарының нұротандықтары жұмыстың жаңа бағыттарын талқылады
АТЫРАУ. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Атырауда «2050 Стратегиясы: партиялық жұмыстың жаңа міндеттері мен бағыттары» атты аймақтық семинар-кеңес өтті.
Оған партияның елдің батыс облыстарындағы облыстық, қалалық және аудандық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары қатысты.
Партияның орталық аппараты басшысының орынбасары Мұхтар Ерман қатысқан семинар-кеңесте партия мүшелері үшін бастысы жалпы мемлекеттік істерге қатысу ғана емес, адамдардың күнбе-күнгі нақты проблемаларын шешу тиістігі жөнінде әңгіме болды.
Семинар қатысушылары Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын партияның идеологиялық және ұйымдастыру жұмыстарының жаңа бағыттарын, жүзеге асырылып жатқан жобалардың тиімділігін арттыру жолдарын және басқа да міндеттерді талқылады.