Атырауда ерекше балалардың отбасына жаңажылдық 7 мың сыйлық таратылды

Шара аясында атыраулық балақайларға 7 мың дана сыйлық дайындалды.
Волентерлер штабының жетекшісі Әйгерім Досқалиеваның айтуынша, бұл акцияға облысы әкімдігі қолдау білдірген. Балаларға арналып дайындалған сыйлықтар аудандық әкімдіктер мен мектеп әкімшіліктері арқылы таратыла бастады.
Қазір облыста 4 мыңға жуық ерекше күтімді қажет ететін бала бар. Жаңа жыл қарсаңында облыс әкімдігінің қолдауымен және демеушілердің көмегімен сондай балалардың отбасындағы барлық балаға сыйлық беру ұйғарылды. Осы мақсатта 7 мыңнан астам сыйлық үлестірілуде. Біздің басты көмекшіміз – еріктілер штабы. Жаңа жылға дейін қайырымдылық акциясын жалғастыру арқылы әр балаға қуаныш сыйлауды көздедік», -дейді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда балаларды оңалту орталығы ашылған болатын.