Атырауда газ-химиялық кешен салынады - Премьер-Министрдің жұмыс сапары

АТЫРАУ. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында жұмыс сапарымен жүрген Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «ҚазақстанПетро-кэмикал Индастри» акционерлік қоғамының ықпалдасқан газ-химиялық кешені құрылысының іргетасын қалау рәсіміне қатысты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл кешен серпінді жобалардың қатарына жатады. Кешеннің негізгі мақсаты - полиэтилен және полипропилен өндірісін жолға қою. Кешеннің бірінші зауытының құрылысын 2013 жылы аяқтау жоспарлануда. Премьер-Министрге мамандар хабарлағанындай, кешеннің құрылысы үш кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезеңде Теңіз кенішінің тазартылған газын өңдейтін зауыты, екінші кезеңде Қашаған кенішінің газын өңдеу зауыты салынады. Ал үшінші кезеңде Қарашығанақ кеніші газын пайдалану жоспарланып отыр. Өндірістің жалпы қуаты - 1 миллион 250 мың тонна өнім болмақ. Бұл ? жылына 800 мың тонна полиэтилен, 450 мың тонна полипропиленді құрайды. Жобаның жалпы құны 6 миллиард доллар. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов кешен құрылысының іргетасын қалау рәсімінде сөйлеген сөзінде, «кешен құрылысының бастапқы кезеңінің өзінде 30 мыңдай жұмыс орны құрылатын болады», - деп атап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар