Атырауда газға уланып 2 адам көз жұмды, тағы 2-еуі ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Атырау қаласында жекеменшік тұрғын үйде табиғи газға уланып 22 және 49 жастағы азаматтар мерт болды, 21 және 25 жастағы тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.
None
None

ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен хабарлағандай, бейсенбі күні сондай-ақ, Алматының Құрылысшы шағын ауданында табиғи газға уланған, 1991 жылы туған азамат пен 2010 жылы дүниеге келген нәресте ауруханаға түсті.

Соңғы жаңалықтар