Атырауда грек-рим күресінен халықаралық біріншілік өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында халықаралық біріншілік өтті, деп хабарлады www.24.kz.

Атырауда грек-рим күресінен халықаралық біріншілік өтті

Оған Қазақстанның барлық облыстарынан, сондай-ақ, Өзбекстан, Түрікменстан және Ресейден барлығы 200-дей спортшы қатысты. ҚР спорт шебері, Азиада ойындарының күміс жүлдегері Мырзабек Атбаевты еске алуға арналған турнирге грек-рим күресінің майталмандары 24 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Екі күнге созылған сайыс соңында 42 келі салмақта алматылық Ерасыл Нұрболсынов үздік шықса, 46 келіде өзбек спортшылары топ жарды. Ал 50, 54, 58 салмақта сынға түскендер арасында астаналық Диас Күресбай мен қалмақ елінен келген Артем Учергараевтың мерейі үстем болды. Атырау балуаны Асылбек Қосаманов та осы қатарда. Сөйтіп, жалпы командалық есеп бойынша Қазақстан спортшылары жеңіс тұғырына көтерілді.