Атырауда Қашаған кенішінің құбырларын ауыстыру жобасы талқыланады

«НКОК» Қашаған кенішінде тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру бағдарламасы ауқымында нысандар құрылысы жобасы. Кәсіпшілік құбырлары. Түзету» тақырыбында қоршаған ортаға әсерін бағалау жөнінде қоғамдық тыңдаулар өткізеді. Бағдарлама теңіз кенішінің D аралынан өндірілген өнімдерді «Болашақ» мұнай және газ кешенді әзрлеу қондырғысына тасымалдауға арналған күкіртті мұнай құбыры мен күкіртті газ құбырын ауыстыру жобасын қамтиды», - деп хабарлады компаниядан.
Еске сала кетейік, 2013 жылы күзде басталған Қашаған кенішінен мұнай өндіру теңізден құрғаққа тартылған 93 шақырымдық құбырдың жарылуы салдарынан тоқтатылды. Алдын ала ақпарат бойынша, төтенше оқиғаның себебі құбырдың «шытынауы» болды. Мұнай өндіру басталған бойда құбырдың пайдаға аспай қалуының себебіне толық түсінік берілген жоқ. Мұнай өндіру шамамен 2016 жылға қарай басталуы мүмкін.