Атырауда қаскүнемдер тонаушылық шабуыл жасады

АТЫРАУ. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Бүгін түнде Атырауда «Атырау» шағынауданында орналасқан коттедждердің біріне тонаушылық шабуыл жасалды,

Атырауда қаскүнемдер тонаушылық шабуыл жасады
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қаскүнемдер шамамен кемінде 5 адам болған. Қылмыскерлер үй қожайындарын қорқытып, ақша және басқа бағалы заттарды алып кеткен. Атырау облысы ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарованың хабарлауынша, тергеу-жедел тобы құрылды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында тонаушылық шабуылға қатысқан адамдарды анықтау жұмыстары жүргізілуде.