Атырауда кедендік тауарларды және көліктерді тазалау рәсімі жеңілдетілді
АТЫРАУ. 29 маусым. ҚазАқпарат - Атырауда бизнесмендермен болған кездесуде Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері кедендік тауарларды және көліктерді тазалау үрдістері айтарлықтай жеңілдетілгенін хабарлады.
«Өкілетті экономикалық оператор мәртебесіне ие сыртқысаяси экономикалық қызметтің қатысушылары белгілі бір кедендік үрдістер және кедендік тазалауда тауар және көлік заттарына өтініш жасау кезінде арнайы мүмкіндіктерді пайдалана алады», - делінген департаменттің таратқан хабарламасында.
Өкілетті экономикалық оператордың мәртебесі ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау Комитетімен Өкілетті экономикалық операторды Реестрге қосу жөнінде куәлікті беру арқылы заңды тұлғаға беріледі.
«Арнайы кедендік жеңілдіктерді пайдалану кедендік операцияларды орындауға және лигистикалық тізбені оңтайландыруға қаржы және уақытша шығындарды ықшамдауға мүмкіндік береді»,- деп хабарлады Атырау облысы Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.