Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Атырауда көктайғақтан 250-ден астам адам жарақат алды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда дүйсенбі күні қатты көктайғаққа ұласқан жауынның салдарынан үш күнде 255 адам түрлі дене жарақатын алдын, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Атырауда көктайғақтан 250-ден астам адам жарақат алды

«Дүйсенбіден бастап дәрігерлер көмегіне жүгініп, жарақат алғандар саны екі есе артып, орташа алғанда 40-тан 80 адамға жетті. Негізінен адамдардың буыны шығып, аяқ-қолдары зақымданған, сіңірлері созылған. Бұл күндері 255 адамның 40-ы аяқ-қолы сынып жүгінді. 22 адам қазіргі уақытта стационарлық ем қабылдауда», - деп хабарлады облыстық аурухананың травмотология бөлімшесінің меңгерушісі Асқат Бисенғалиев.

Қазір қалада күшейтілген режімде көше тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Мұз қатқан жаяу жүргіншілерге арналған жолдар әлі де қатты тайғанақ.