Атырауда «ҚТЖ» тексерушілері қозғалыс қауіпсіздігін нығайту мәселесін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау қаласында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының барлық жол бөлімшелерінің бас аймақтық тексерушілеріне арналған семинар өтті, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
None
None

Семинарда ҚР заңына қозғалыс қауіпсіздігін нығайту мәселесіне байланысты енгізілген жаңа өзгерістер талқыланды. «Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі «ҚТЖ» ҰК» АҚ барлық жол бөлімшелерінің бас аймақтық тексерушілері жиналған бұл жиында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, міндетті қызметтерін атқару, яғни қозғалыс қауіпсіздігі стратегиясының орындалуы, тасымалдау процесі кезіндегі қауіпсіздікті басқару жүйесін жетілдіру мәселелері қаралды», делінген хабарламада. Семинар қатысушылары, бұдан басқа, бизнесті трансформациялау бағдарламасына ерекше көңіл бөлді. Оның ішінде Оливер Вайман компаниясының кеңестеріне, Исикава диаграммасы бойынша байланыс қызметіндегі себеп-салдар байланысының ретін анықтау сұрақтарына және ревизор аппараты жұмысындағы басқару ерекшеліктеріне баса назар аударды. Семинар барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауын анықтаудың іс-тәжірибелерімен бөлісіп, түрлі іскерлік ойындар өткізілді.

Соңғы жаңалықтар