Атырауда құс тұмауы қаупіне байланысты аңшылық маусым кейінге шегерілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында жаз бойында қазақстандық мамандар екі мәрте жабайы құстардан құс тұмауын анықтады, осыған байланысты өлкеде аңшылық маусым екі аптаға шегерілді.

Атырауда құс тұмауы қаупіне байланысты аңшылық маусым кейінге шегерілді

««А» түріндегі әлсізпатогендік құс тұмауы өлген бұйра бірқазандардың бірінен анықталған. Одан соң сүңгуір үйректердің бірінен табылған. Екі құстың сынамалары танымал италиялық зертханалардың біріне жіберілді. Егер құс тұмауы екені нақтыланатын болса, биыл жабайы құстарды аулауға тыйым салынатын болады», - де хабарлады облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының маманы Сақтапберген Әліпқайыров.

Оның айтуынша, бірер күн бұрын қалаға жақын маңнан тағы он шақты құстың денесі табылған, олардың неден өлгені әзірше белгісіз.