Атырауда лаңкестік қаупі салдарынан Ақтөбеге аттанатын пойыздың жүру уақыты бірнеше сағатқа кейінге шегерілді

АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Сенбі күні кешкісін Атырау-Ақтөбе бағытында қатынайтын жолаушылар пойызының жүру уақыты бірнеше сағатқа кейінге шегерілді.

Атырауда лаңкестік қаупі салдарынан Ақтөбеге аттанатын пойыздың жүру уақыты бірнеше сағатқа кейінге шегерілді

«Перронда табылған иесіз сөмкені тексеру үшін пойыз құрамасы қауіпсіз жерге апарылды. Сондықтан да пойыз кесте бойынша жөнелтілген жоқ», - дейді  желілік ішкі істер бөлімінің кезекшісі.

Дегенмен «Прикаспийская коммуна» облыстық газетінің жазуынша, пойыздың кесте бойынша жолға шықпауына құқық қорғау органдарының бірнеше күдікті жастарды тұтқындауы кедергі болған.

Бірақ облыстық ІІД бұл ақпаратты қуаттаған да, жоққа шығарған да жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Атырауда жұмадан сенбіге қараған түні қалалық ішкі істер басқармасына қарулы шабуыл жасалып, екі адам жарақат алған болатын.