Атырауда мамандандырылған жаңа ХҚО ашылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа ғимараты Атырау-Астрахань тас жолының бойында 4 гектар аумақта  орналасқан,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Мамандандырылған ХҚО-ның ашылу салтанатына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты. 

«Бүгінде аймақтағы барлық салада цифрландыру мемлекеттік бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асуда.  Енді автокөлік иелеріне мемлекеттік қызмет цифрлы үлгіде көрсетіледі,  бұл үрдіс  қызмет көрсету сапасы мен жылдамдығына оң ықпал етері анық», - деді  Нұрлан Ноғаев нысанның ашылу салтанатында.

Айта кетейік,  мамандандырылған ХҚКО-ның қайтадан ашылған ғимаратының арқасында атыраулықтар автокөліктерін тез арада тіркеп,  жүргізуші куәлігі мен мемлекеттік нөмір белгілерін ала алады. Жаңа нысанда жүргізуші куәлігін алуға теориялық тест пен практикалық сынақтарды тапсыруға болады. 

Атырау облысының әкімі мамандандырылған орталықтың жаңа ғимаратымен танысып, мекеме қызметкерлерімен әңгімелесті. Орталықта 32 қызметкер халыққа қызмет көрсетеді. 

«Мамандандырылған ХҚО-ның сыйымдылығы 800 адамға есептелген, жеңіл автокөліктерге арналған 200 орындық, жүк көліктеріне 20 орындық автотұрақ  қарастырылған», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Атырау облыстық бөлімшесінің басшысы  Мұса Хайруллиев.

Орталықты іске қосу арқылы Нұрсая ықшам ауданындағы полиция бөлімінің жұмысы жеңілдейді,  аталған полиция бөлімшесінің алдындағы жолда көліктердің көптігінен үнемі кептеліс болатын.

Қызмет түрлерін ХҚКО операторлары мен әкімшілік полиция қызметкерлері көрсетеді, олардың міндеттері нақты бөлінеді. Орталық операторлары қажетті құжаттарды қабылдайды, ал әкімшілік полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігін және техникалық куәліктерді дайындайды. Осылайша, азаматтар мен  құжаттар дайындауға жауапты қызметкер арасында тікелей байланыс жойылады

 

Соңғы жаңалықтар