19:10, 04 Қаңтар 2012 | GMT +5
Атырауда мас жүргізуші полиция майорының жалған куәлігін ұсынды
АТЫРАУ. 4 қаңтар. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда өткен түні жол полициясының қызметкерлері «BMW-730» маркалы автокөлігін тоқтатты. Көлікті жүргізген мас адам ҚР ІІМ қызметкерінің жалған куәлігін ұсынуға тырысты.
«Тексеріс кезінде алкогольдік мастық халінде болған жүргізушіде автокөлікті жүргізу куәлігі де, техникалық төлқұжат та болмады. Есесіне, жауапкершіліктен кетуге әрекет жасаған ол ІІМ майорының куәлігін ұсынды. Сонда да жүргізуші айықтырғышқа әкелінді, мұндағы толық қарап тексеру кезінде куәліктің жалған екендігі анықталды», - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінде.
Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 325 бабы бойынша қылмыстық істі қозғау мәселесі шешіліп отыр. Ол тек көлікті мас күйінде жүргізгендігі үшін ғана емес, жалған құжаттар ұстап жүргендігі үшін де жауапқа тартылады.