Атырауда мектепке дейінгі балалар мекемелері 2 мың орынға толығады
АТЫРАУ. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда жергілікті бюджеттен балалардың мектепке дейінгі мекемелері ғимаратына қосымша жапсарлас бөлмелер салу үшін 1,515 млрд. теңге қаржы бөлінді.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл қаржыға 11 балабақша кеңейтіледі. Құрылыс жұмыстарын үстіміздегі жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарлануда. Мектепке дейінгі мекемелердегі орындарды қазіргі күні 8 мың адамнан құралған жалпы кезекте тұрған екі мың бала иеленбек.