Атырауда мемлекеттік орган «Аджип ККО» компаниясы мердігерлік ұйымдарының бірімен соттасады

АТЫРАУ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Атырауда облыстық халықты әлеуметтік қорғау және еңбек департаменті  «Аджип ККО» компаниясы мердігерлік ұйымдарының бірін сотқа берді.
None
None

Департамент басшысы Тимур Естенбаевтың сөзіне қарағанда, шағымда Қашаған кен орнының жасанды аралында жұмыс істейтін қызметкерлерді шеттету мәселесі айтылған. Ол жерде біздің қызметкерлеріміз шетелдің жұмысшыларымен қатар бірдей еңбектенсе де, жалақыны 7 есе кем алатындығы көрсетілген.

 Атырауда мұндай жағдай бірінші рет орын алып тұрған жоқ. Алайда бұл мәселе сотта бірінші рет қаралмақ. Атап айтқанда аталмыш мәселе мемлекеттік органның бастамасы бойынша көтерілді.

 Атырауда жұмысшылар соңғы рет осындай өтініштерін, яғни жалақыны көтеру мәселесін өткен жылдың 2-ші мамырында көтерген болатын. Естеріңізге сала кетейік, ол кезде Атырау мұнай өңдеу зауытында бензол және параксилол кешенін өндіру бойынша құрылыстағы қызметкерлер 2 күн бойы жұмысқа шықпаған еді. Олардың негізгі талабы жалақыларын қытайлық қызметкерлердікімен теңестіріп, көтеру болды. Олар бұл мәселе реттеледі деген уәдеден кейін жұмысқа шыққан болатын.

Соңғы жаңалықтар