Атырауда миллиардтаған бюджет қаражатын талан-таражға салу ісі бойынша сотта облыстық соттың барлық судьялар корпусына наразылық мәлімдемесі қабылданбады
АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Атырауда миллиардтаған бюджет қаражатын талан-таражға салды деп айыпталған 22 адамның ісін қарау сотында 2 адвокат судьяларға және облыстық соттың барлық судьялар корпусына наразылық танытты.
Олар өздерінің мәлімдемесін атыраулық судьялар істің әділ қаралуын қамтамасыз ете алмайды деген уәжбен дәлелдеуге тырысты. Процеске қатысып отырған Атырау ауданаралық криминалдық сотының судьясы Гүлнар Хаженованың айтуынша, мәлімдеме қаралып, қабылданбады.
Естеріңізге сала кетейік, сот ісін Атырау ауданаралық криминалдық сотының судьясы Гүлмира Дәулетова жүргізуде. Процестің қиындығына орай Жұмағали Тәшімов қосымша судья ретінде тағайындалған.
Прокуратура тарапынан айыптаушы ретінде Ақылбек Қаражанов пен Тұрсынай Бурабаева қатысуда.
Сотталушылардың мүддесін 20 адвокат қорғауда. Сондай-ақ процеске сотталушылардың 10 қорғаушылары да қатысуда.
Сот алдында айыпты деп танылған 22 адам жауап беруі тиіс. Олардың қатарында өңірдің бұрынғы шенеуніктері, атап айтқанда, Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Болат Дәукенов, облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Асқар Әбдіров, Атырау қаласының бұрынғы әкімі Асқар Керімов, облыс әкімдігінің бұрынғы департамент басшылары және кәсіпкерлер бар.
Оларға бюджет қаражатын талан-таражға салды және лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айыптар тағылуда.