Атырауда монополист халықтан жиналған қаражаттың жұмсалуы туралы баяндады

АТЫРАУ. 4 қазан. ҚазАқпарат - Атырауда халықты сумен қамтамасыз ететін «Атырау Су Арнасы» КМК мамандары монополияға қарсы ведомствоның бастамашылық етуімен журналистерге арналған пресс-тур ұйымдастырды. Оның мақсаты - ұзақ мерзімді «инвестицияға айырбастау тарифі» саясатының жүзеге асырылуы туралы хабарлау.
None
None

Халықтан жиналған ақшаға жалпы сомасы 17 млн. 386 мың теңгеге ұзындығы 1,7 шақырым апаттық сутартқыш учаскелері алмастырылды. Сондай-ақ, жалпы сомасы 11 млн. 134 мың теңгеге ұзындығы 400 метр канализациялық коллекторлар учаскелері алмастырылды. 4 млн. 552 мың теңгеге жаңа жабдық сатып алынды немесе қолданыстағы жабдық жөндеуден өткізілді. 26 млн. 785 мың теңгеге арнайы техника сатып алынды.

«Бұл іс-шаралардың орындалуы сумен жабдықтау және су бөлу жөніндегі қызметтер сапасын арттырды, кәсіпорын жұмысы көрсеткішінің жақсаруына алып келді», - деп ақпараттандырды «Атырау Су Арнасы» КМК мамандары.

Соңғы жаңалықтар