Атырауда мұнай-газ көрмесі ашылады
АСТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат – Сәуірдің 7-сі мен 9-ы аралығында Атырауда «Мұнай және газ. Инфрақұрылым - Atyrau Oil & Gas 2009» көрмесі және «OilTech Kazakhstan 2009» технологиялық мұнай-газ конференциясы өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат бұл шараларды ұйымдастырып отырған «Iteca» қазақстандық көрме компаниясы мен оның Ұлыбританиядағы және Германиядағы халықаралық әріптестеріне сілтеме жасап.«Атырау» спорт сарайында өтетін көрмеге 13 елден 100 компания қатыспақ. Олардың арасында "ҚазмұнайГаз" Барлау Өндіру» АҚ, Agip KCO, «Теңізшевройл», «КөмекМашинери», BTS/ CORD International, Denholm Zholdas, Khazar Transfo, HSBC Банк Қазақстан, Borkit International және басқа да көптеген компаниялардың экспонаттары қойылады. «Инфрақұрылым» бөлімінде Ресей, Түркия және Қазақстан компанияларының электр жабдықтары, машина жасау, құрылыс және бекіту материалдары, гидрооқшаулау, жабын, қасбеттік материалдар, газқұйматас блоктары, ағаш тақтайшалар және басқа да бұйымдар болмақ. Көрме аясында «Атырау Ренессанс» қонақүйінде «OilTech Kazakhstan 2009» мұнай технологиялары конференциясы өтеді. Көрме өткізілетін күндері Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар басшыларының кәсіпкерлермен және мемлекеттік құрылымдар өкілдерімен бірнеше кездесулері жоспарланып отыр.