Атырауда мұнай өнеркәсібі үшін химиялық реагенттер өндірілетін болады
РАУ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда жылына 9 мың 700 тонналық қуаты бар мұнай өнеркәсібі үшін химиялық реагенттер шығаратын зауыт құрылысы аяқталуда.
«Налко» америкалық компаниясымен бірлесе құрылып жатқан кәсіпорында деэмульгаторлар, көпіршік тудырғыштар, тот басуға қарсы ингибиторлар шығарылатын болады.
«Бұл химиялық реагенттер мұнай өнеркәсібінде пайдаланылады. Бүгінде Қазақстан реагенттердің елеулі бөлігін шетелден сатып алуға мәжбүр. Сондықтан біздің өнімге деген сұраныстан тежеу болмайды. Кәсіпорынның қуаты жылына реагенттердің бірнеше түрінің 9 мың 700 тоннасын шығаруға шақталған. Қажет болған жағдайда, біз оның ауқымын арттыра аламыз», - деп хабарлады «РауанНалко» ЖШС қаржы директоры Еркін Беглеров.
Кәсіпорын толық қуатпен жұмыс жасай бастағаннан кейін, онда 150 адам жұмысқа ие болады.