Атырауда мұнайшылар балаларға арнап мереке ұйымдастырды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Балаларды қорғау күні қарсаңында «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» (НКОК) компаниясының қызметкерлері Мақат ауданының жас тұрғындары үшін сыйлықтарға, байқаулар мен жүлделерге толы үлкен мереке ұйымдастырды.
None
None

«1 маусымда көптеген елдерде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл балғындар үшін ең көңілді мерекелердің бірі болып қоймай, балалардың бізден үнемі қамқорлық пен қорғауды қажетсінетіні туралы ескерту болып отыр», - деді НКОК-тың қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы Жағыпар Егізбаев.

Мереке Мақат кентінің Баймұқанов атындағы орта мектепте өтті. Мұнда мүмкіндігі шектеулі 180 бала үшін көңілді викториналар, интерактивті ойындар, аниматорлар, байқаулар мен жүлделерге толы шоу ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар