Атырауда мұнайшылар дайындайтын орталық құрылуда

АТЫРАУ. 11 наурыз. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда мамандандырылған мұнайгаз және сервистік технологиялардың Каспий орталығы құрылады.

Атырауда мұнайшылар дайындайтын орталық құрылуда

Бұл орталықта ірі мұнайгаз жобаларында жұмыс істеуі тиіс жас мамандар біліктілігін арттыратын болады.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Болат Баукенов хабарлағандай, мұнайгаз саласында жұмыс істеуге ниет білдіргендер орталықта 12 ай білім алады. Жастар мұнда тек теориялық білім ғана алып қоймай, ағылшын тілін де меңгеріп, кен орындарында, Каспий теңізіндегі «Аджип ККО» компаниясының жасанды аралдарындағы бұрғылау құрылғыларында өндірістік тәжірибеден өте алады.

Орталыққа қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады. Іріктеу Қазақстанның барлық облыстарында жүргізіледі.