21:30, 11 Қазан 2013 | GMT +5
Атырауда НКОК компаниясы тағы да газдың аққаны туралы хабарлады
АТЫРАУ. 11 қазан. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 9 қазан күні түс ауа Д аралынан «Болашақ» зауытына дейін салынған газ құбырын жоспарлы тексеру барысында газ ағуының іздері байқалған. Ол зауыттан екі шақырым қашықтықтағы санитарлық-сақтану аумағында табылған.

«Тиісті құбыр аумағында арнайы тексеру жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру шаралары ретінде қысымды түсіру және азотпен тазалау жұмыстары жүргізілді. Болған оқиға туралы Төтенше жағдайлар департаментіне уақытылы хабарланды. Адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп байқалмайды», - деп хабарлады «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» (НКОК) компаниясының баспасөз қызметінен.