Атырауда ОАР азаматы қамауға алынды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Оңтүстік Африка Республикасының азаматы 5 тәулікке қамауға алынды.

Атырауда ОАР азаматы қамауға алынды

«Атырау-Амстердам» халықаралық әуе рейсін ресімдеу кезінде төлқұжат тексеру барысында Оңтүстік Африка Республикасының азаматы ұсталды. Ол ішкі істер органдарына тіркелмей , Қазақстан Республикасында болу уақытын бұзған. Сот отырысында құқықбұзушы өз кінәсін мойындады. Ол 2015 жылдың 18 тамыз күні Атырауға жұмыс бабымен келген екен. Алайда көші-қон полициясы органдарында тіркеуден өтпеген. Құқықбұзушының өз кінәсін мойындағанын ескере отырып, алғашқы инстанция соты оны 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы үкім шығарды», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.