Атырауда өңірге героин тасумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері сотталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда өңірге героин тасумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) мүшелері сотталды.
None
None

«ҰҚТ мүшелері Шымкенттен Атырауға героин тасумен айналысқан. Сот топ басшысын (ұйымдастырушысы) 20 жылға соттады. Топтың тағы екі мүшесі 17, үшінші бір мүшесі 10 жылға кесілді. Олар жазасын қатаң режімдегі колонияда өтейтін болады. Сот шешімімен сотталғандардың барлығының мүлкі тәркіленетін болады», - деп хабарлайды Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар