Атырауда Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті

Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті суреткерлерінің бірі, Шығыстан шыққан ақиық жыршы, аты әлемге танылған көркемсөздің қас елімен әрқашан бірге жасап келеді.
Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың өкілі Мәншүк Мұханбетқалиева, Жылыой ауданы әкімі Мақсым Ізбасов құттықтау сөз сөйлеп, Пір Бекет дүниеге келген киелі һәм қасиетті өлкеде өлең-сөздің құдіретін Оралханша паш етуге келген жас талаптарға сәтті қадам тіледі.
Іздене жүріп, сахнада сөз өнерімен жақсы қырынан танылған Рахметова Айшабибі (Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі), Саматов Саясат (Жылыой), Нұрмұханова Құндыз (Индер), Әділбекқызы Гүлнәз (Исатай) «Алғыс хатпен» марапатталды. Үшінші орын Боранова Гүлзина (Атырау), Ильясова Диана (Құрманғазы), Сәкес Нұрсұлтанның (Махамбет) үлесіне тиді. Екінші орын Рүстемқызы Айсәуле (Мақат) мен Үркімбаев Қайраттың (Құлсары) бағын ашты. Бірінші орынды Жұмажанова Ақтоты (Қызылқоға) жеңіп алды. Бас жүлдені Аманкелді Айсұлтан (Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназия) қанжығасына байлады.
Жалпы Атырауда соңғы жылдары Мағжан, Абай, Шәкәрім, Мұқағали оқулары жақсы жолға қойылып келеді. Ал Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын өткізу жылдағы дәстүрге айналып кетті. Жас жеткіншектерді әдебиет, оның ішінде поэзия әлеміне бойлату арқылы жан дүниесін байыту, өмірдің шынайы бейнесін танып, жанына рухани күш-қуат алу, келешекке кемелдену арқылы қадам басуға жетелеу осынау өнегелі, өрісті шараның басты мақсаты болса керек.