Атырауда өрт кезінде ер адам қаза тапты

АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - 15 наурызда сағат 17.52-де Атырау қаласының СМП-136 шағынауданында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің 2 қабатындағы пәтерінен өрт шықты.

Атырауда өрт кезінде ер адам қаза тапты

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабаралады.

 Өрт сағат 18.23-те сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Атырау облысы бойынша өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

 Жалын шарпыған аумақ 1 шаршы метрді құрады. Өрт болған жерде 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды.