16:40, 31 Мамыр 2010 | GMT +5
Атырауда «Отбасылық» саябақ ашылады
АТЫРАУ. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда «Отбасылық» деген атауға ие саябақтың құрылыс жұмыстары басталды.
Саябақ «Жаңа бастау» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен қала орталығы «Тұрғын қалашық» шағынауданындағы Жайық өзенінің бойында салынады. Жалпы аумағы 2,5 гектар болатын саябақта балаларға арналған және спорттық алаңдар, жабық сахнасы бар амфитеатр салу жоспарланған. Саябақта жарық шамдар орнатылады.