Атырауда өткен Азия чемпионатында батысқазақстандық қос самбошы күміс жүлдегер атанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Атырау қаласында самбодан өткен Азия чемпионатында БҚО ішкі істер департаментінің қызметкерлері, полиция лейтенанттары Айбек Ғабдешев пен Бағдат Жарылғасов күміс жүлдегер атанды.

Атырауда өткен Азия чемпионатында батысқазақстандық қос самбошы күміс жүлдегер атанды

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа Корея, Жапония, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстан сынды елдердің мықтылары қатысып, бақ сынады.

Айбек 74 келі, Бағдат 62 келі салмақта боз кілемге шығып, екінші орынды иеленді. Бұлардың екеуі де - талай додадан олжамен оралып жүрген балуандар.