13:54, 12 Тамыз 2019 | GMT +5
Атырауда «Өзгеге өмір сыйла» акциясы аясында 90 донор қан тапсырды
АТЫРАУ.ҚазАқпарат- Атырау облыстық қан орталығында бүгін сағат 9-дан 12-ге дейін қан қабылданды, осы уақыт аралығында донорлар 43 литр қан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Процедурадан бұрын қан тапсырғысы келген адамдардың
денсаулығының жай-күйі, қан құрамы, гемоглобиннің деңгейі және қан қысымының
өлшемі тексерілді.
Акция барысында қан аурулары, жол-көлік оқиғаларында жарақат алу және т.б. үшін
қан жиналды»,- дейді шараны ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, «Өзгеге өмір сыйла» акциясының ұйымдастырылуына ықпал еткен
Азаматтық
орталық.