Атырауда өзгеше айтыс өтті

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Қойшығұл Жылқышиев же­текшілік ететін Жазушылар ода­ғы­ның Атыраудағы филиалы бұл айтысты «Қазақ мұнайы - халық шырайы» деген тақырыппен ел мұ­найына арнады.
None
None

 Бірлескен кә­сіп­орынның үкіметпен және жұрт­­шылықпен байланыс бөлі­мі­нің бас менеджері Рзабек Арты­ға­ли­ев «Теңізшевройл» қазақ өнеріне ұдайы қолдау жасап келе жатқа­нын атап өтті.

Биылғы айтысқа 16 айтыскер қатысып, өңірдегі алғашқы айтыс­кер ақын Жәниба Қарасаева же­текшілік еткен қазылар мен жұрт­шылық алдында суырып­сал­малық өнерін талқыға салды. Бір ерекшелігі, облыс ақындарының бұл айтысына мектеп оқушылары да қатысты. Әсіресе, Қызылқоға ауданындағы Тайсойған мектебі­нің 11-сыныбында оқитын Ерболат Қарақойшиевтің тым-тәуір тәжі­рибесі бар айтыскер Айзада Дәу­лекеновамен айтысы жұрт­шы­­лық­ты бір желпіндірді.

Айтыстың екінші айналы­мын­да төрт жұп өзара сөз сабақтады. Соның ішінде Жәнібек Садыров пен Нұрбейбіт Нұғымановтың жұбына жұрт ықыластана қол соқты. Қазылардың ұйғаруымен төрт жұпқа бөлінген айтыскерлер арасынан Айзада Дәулекено­ва­ның өнері де, мерейі де бәрінен үстем тұрды. Оған «Теңізше­вр­ойл­дың» бас жүлдесі - 300 мың теңге берілді. Ал 200 мың тең­гелік бірінші жүлдені Жәнібек Садыров иеленді. Екінші жүлдені Нұрбейбіт Нұғыманов пен Се­рік­бол Панабердиев еншіледі, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.

Соңғы жаңалықтар