Атырауда пара беру үстінде Түркия азаматы ұсталды

АТЫРАУ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда қаржы полициясының қызметкеріне пара беру үстінде «ER-MET SERVIS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Түркия азаматы Озсой Әли Осман ұсталды.
None
None

Облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Светлана Жұмашеваның хабарлауынша, қаржы полицейлері салықтан жалтару фактісі бойынша «ER-MET SERVIS» серіктестігінде тексеру жүргізген. Кәсіпорын басшылығына экономикалық контрабанда фактілері бойынша да күдік келтірілген.

Тексеру барысында кәсіпорын директоры Озсой Әли Осман мырза тексерушілерге 3 миллион теңге көлемінде бірнеше рет пара ұсынады. Пара берудің салдары қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні жайлы ескертілгеніне қарамастан, Түркия азаматы «сыйақы» ұсынуын тоқтатпайды.

«Серіктестік басшысы 800 мың теңге сома ақша беру үстінде полиция қызметкерлерінің қолына түсті. ҚР Қылмыстық кодексінің 312-ші бабы 5-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, Атырау қалалық соты Озсой мырзаны қамауға алуға санкция берді. Қылмыстық іс қазір алдын ала тексеру сатысында», - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы С.Жұмашева.

Соңғы жаңалықтар