Атырауда салафит-лаңкестер 6-14 жылға бас бостандықтарынан айырылды

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, олар ҚР ҚК-нің бірнеше бабы бойынша жасалған қылмыстарға айыпты деп танылды. Бұл баптарда лаңкестікті насихаттағаны, лаңкестік топ құрып, қару сақтап, сатып, тасымалдағаны, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғы, ұйымдасқан топ құрамында заңсыз қару дайындағаны үшін жазалар қарастырылған.
Топ жетекшілері 33 жастағы Роман Баярисов пен 30 жастағы Рамиз Ким кәмелекеттік жасқа толмаған баланы қылмыстық іске тартқандары үшін 14 жылға бас бостандықтарынан айырылып, мүліктері тәркіленді.
Қылмыстық топтың кәмелеттік жасқа толмаған мүшелері А.Қыдырсихов пен Т.Агорыновтың жастары ескеріліп, 6 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
Топтың қалған мүшелері 18 бен 23 жас аралығында - В.Ким, Ж.Изим, Д.Болатұлы, Р.Зияшев пен А.Зейнетуллаев айыпты деп танылып, 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Олардың да мүліктері тәркіленді.