Атырауда санақшыларға полицейлер көмектесуде

АТЫРАУ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ – Атырау облысында ұлттық санақ жүргізуде ішкі істер департаменті қызметкерлері белсенді түрде қатысуда,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Атырау облысы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарованың айтуынша, санақшыларға 433 полиция қызметкерлері көмек көрсетіп отыр. Олар ? кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекторлар, учаскелік инспекторлар, патрульдік-постылық қызмет қызметкерлері.Полицейлер қажет болған жағдайда санақшыларға проблемалы аудандарда немесе проблемалы отбасы жағдайларында олардың жұмыстарына көмектеседі. Көптеген үй иелері ит ұстайды, санақшы әйелдер аулаға бас сұғудан тайсалады, сондайда полицейлердің көмегі қажет. Сондай-ақ полицейлер тұрғылықты жерлері анықталмаған адамдарды анықтауға да жәрдемдесуде.
Соңғы жаңалықтар