Атырауда сауда орталығы мен мектепті «миналаған» жалған лаңкес 2 жылын темір тордың ар жағында өткізеді
АТЫРАУ. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Өткен жылдың 9 тамызында Атыраудағы сауда орталығы мен мектепті «миналаған» жалған лаңкес колонияда 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Осындай шешімді полицияға «Насиха» сауда орталығы мен № 17 орта мектепке жарылғыш заттар қойылғаны туралы хабарлаған 29 жастағы атыраулық азаматқа қатысты істі қараған қалалық сот шығарды.
Сотталушы өз әрекеттерін ол кездегі мас күйінде болғанын түсіндіргенімен, сот жазаны жұмсартқан жоқ.