Атырауда шетелдік жұмыс күшін тарту бөлімінің басшысы сотталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы №2 қалалық соты «Атырау облысы еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар мемлекеттік мекемесінің шетелдік жұмыс күшін тарту бөлімінің басшысы М. Ажарбековты 4 жылға бас бостандығынан айырды.
None
None

«Сотталушы М. Ажарбеков пара алды деп айыпталды. Қылмыстық іс материалдарынан ол «МНСК Синопек Казахстан» ЖШС өкілінен 777 000 теңге көлемінде пара алған. Параны шетелдік жұмыс күшіне рұқсатты еш бөгетсіз және уақтылы беру, сондай-ақ мерзімін ұзарту үшін алған»,-деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.

Сот шешімімен М. Ажарбеков ҚР ҚК 366 бабының 2 бөлігіне сәйкес айыпты деп табылды. Оны 4 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу, мемлекеттік қызметте лауазымды жұмыс атқару құқынан өмір бойы айыруға үкім етілді.

Ол жазасын жалпы режімдегі колонияда өтейтін болады.

Соңғы жаңалықтар