Атырауда спортзалда 12 жасар бала жаттығу кезінде қайтыс болды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жаттығу кезінде 12 жасар Ислам Базаров қайтыс болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Атырауда спортзалда 12 жасар бала жаттығу кезінде қайтыс болды

«Баланың қайтыс болу себебін дәрігерлер айтуы тиіс. Бізге әзірге оның әжесімен тұратыны белгілі. Оны спорт залына әжесі ертіп келген. Ол таэквандомен айналысқысы келді. Немересінің денсаулығы туралы медициналық анықтаманы кейінірек алып келуге уәде етті. Жүгіруден басталған жаттығу барысында баланың жағдайы нашарлады. Ол жүрегінің айнып, басы ауырып тұрғанын айтты. Жедел жәрдеммен келген медиктер оған дәрі егіп, ауруханаға алып кетті. Бірақ баланы құтқарып қала алмаған», - деді Атырау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Рината Ибрагимов.

Атыраулық дәрігерлер баланың неден қайтыс болғаны туралы әзірге түсінік бермеді. Алдын ала ақпарат бойынша, ол қан ауруына байланысты есепте тұрған. Тергеу жүріп жатыр.