Атырауда табиғатқа 142,7 млн. теңгеге жуық залал келтіргені үшін балық қорғау басшылары шартты түрде жазаға тартылды

АТЫРАУ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау қалалық соты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы басқармасының бұрынғы басшысына, оның орынбасары мен бөлім бастығына айыппұл салды. Олар мұндай жазаға мемлекетке 142,7 млн. теңгегеге жуық залал келтіргені дәлелденгені үшін тартылды.
None
None

Соттың анықтағанындай, Үкімет белгілеген Жайық-Каспий алабында балық аулау нормасын елемей балық қорғау бастығы Бақыт Қаметов, оның орынбасары Мұрат Жаңабатыров және бөлім бастығы Георгий Горбачев 2007 жылы 9 компанияға нормадан тыс көксерке аулауға рұқсат берген. Соның нәтижесінде 462 тонна көксерке заңсыз ауланып, бұл бағалы балықтың өсіп-өнуіне елеулі зиян келтірілген. Ихтиологтардың айтуынша, Жайық өзенінде екі ай бойы жыртқыштықпен балықты көп мөлшерде аулаудың салдарынан көксеркенің өсіп-өнуі бірнеше жылдан кейін ғана қалпына келеді.

Бұдан басқа, су алабын браконьерлерден қорғау міндетіне кіретін осы ведомствоның басшылары компаниялармен қылмыстық мәміле жасасып, олардың бюджетке түсетін биоресурстар үшін төлемдерін 17 есе азайтқан. Компаниялар аулаған көксеркенің бір киләсы үшін 327 теңге төлеудің орнына бюджетке небәрі 20 теңгеден аударған.

Сот мемлекетке 142 млн. 681 мың теңге шығын келтірілді деп санайды. Б.Қаметов ҚР ҚҚ-нің 4-бөлімі, 308-бабы, «в» тармағы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды, ҚР ҚК-нің 63-бабы қолданылып, 1 жыл шартты жаза берілді. М.Жаңабатыров пен Г.Горбачевтың әрқайсысына 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Облыстық прокуратураның басқарма бастығы Роза Қадырғалиеваның айтуынша, «қазіргі таңда сот үкімінің заңдылығы тексерілуде».

Соңғы жаңалықтар