Атырауда тірі жүрген соғыс ардагері 13 жыл өлгендер тізімінде болған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда бүгінде аман-есен жүріп жатқан Ұлы Отан соғысының ардагері Александр Погадаев 13 жылдан кейін ресми түрде тірілер қатарында болып танылды. Осы жылдары ардагер өлгендер қатарында саналып келді.
None
None

«20 сәуірде бізге, қателік түзетілгенін хабарлады және енді менің атам Александр Иванович Погадаев тірілер тізімінде қалпына келтірілді және халыққа қызмет көрсету орталығына кез келген анықтама алу үшін жүгіне алады», деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне ардагердің немересі Ольга Сбитнева.

Бұдан бұрын біз Александр Иванович Погадаевтың отбасы оның тірілер тізімінде емес екенін кездейсоқ анықтағанын хабарлаған болатынбыз. Бұл ардагер ХҚКО-ға мекен-жай анықтамасы үшін барғанында белгілі болған. Куәлікті тексерген қыз біз анықтама бере алмаймыз, өйткені Александр Иванович Погадаев мәліметтер базасында жоқ, ол 2001 жылдан өлгендер қатарында екенін айтқан.

«Біз бұл өкінішті қателік деп санадық және оны түзетуді сұрадық. Бірақ та бұл жерде ХҚКО-ның қатысы жоқ екені анықталды. Қателікті көші-қон полициясы түзетуі қажет екен. Атамыздың тірі екені туралы медициналық қорытынды талап етілді. Бізге бұл тез жасалады деп уәде берді. Алайда осы жылдың наурыз айында ХҚКО-ға қайта барғанымызда Александр Погадаев тірілер қатарына әлі енгізілмеген болып шықты. БАҚ-қа жүгінуге тура келді. Міне, енді 20 сәуірде бізге атамыздың анықтама алуы үшін енді проблема болмайтынын хабарлады. Біз үшін бұл Жеңіс күніне басты сыйлық», - дейді О.Сбитнева.

Ал Александр Погадаев облыста белгілі адам. Ұлы Отан соғысының ардагері отставкадағы ішкі істер полковнигі. Ол Қазақстанның көптеген қалаларында гастрольде болған атыраулық атақты «Фронтовичка» соғыс және еңбек ардагерлері хорының әншісі ретінде де танымал. Биыл тоқсан жасқа толғалы отырған ардагер Жеңіс күні бірнеше концерттерге қатысуға әзірленуде.

Соңғы жаңалықтар
Референдум