07:26, 03 Маусым 2015 | GMT +5
Атырауда ҰБТ-ға 3539 түлек қатысып отыр
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда биыл орта мектепті бітірген 3696 оқушының ішінде 3539 түлек ҰБТ-ға қатысып отыр.

«Бірыңғай ұлттық тестілеудің бірінші күнінде оған 548 оқушы қатысқан. Өткен жылы тіркелген жаппай бұзушылықтар болған жоқ: барлығы тыныш өтті. Облыста «Алтын белгіге» үміткер -100, ерекше аттестат алуы тиіс 43 түлек бар. Биылғы жылы облыста 8 тестілеу орталығы жұмыс істеуде. Өткен жылы жетеу болған еді. Енді Исатай ауданы түлектерінің де ҰБТ-дан өту мүмкіндігі бар», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Зылиха Дүйсекенова.