Атырауда ұйымдасқан есірткі тасымалдаушылар тобы ұсталды
АТЫРАУ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Ақтаудағы әріптестерімен бірлесе отырып, есірткі тасымалдаушылардың ұйымдасқан қылмыстық тобын ұстады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бес адам ұсталған. «Тойота Лэнд Крузер» машинасымен олар есірткі заттарын тасымалдаған. Оны тексеру барысында жалпы салмағы 44,6 килә марихуана салынған төрт қапшық тәркіленді. Ұсталғандардың бәрі де ? Ақтөбе облысының тұрғындары. Құжат бойынша ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің бірі осы облыстың ішкі істер органының қызметкері болып шықты. Бұдан басқа олардан 18 патронымен автоматты тапанша тәркіленді. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.