16:20, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
Атырауда үздік бизнесмендердің есімдері аталды
АТЫРАУ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ – Атырауда «Кәсіпкер-2008» облыстық конкурсының жеңімпаздарына сыйлық тапсыру салтанаты болып өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыс әкімінің орынбасары Сейфолла Кемаловтың айтуынша, шағын және орта бизнеспен шұғылданатын атыраулық кәсіпкерлер өткен жылы миллиард теңгенің өнімдерін шығарып және қызметтерін көрсетіп, жақсы жетістіктерге қол жеткізді. «Биылғы жылы да олардың істері жемісті болады деген үміт бар. Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті қолдауды негізгі басымдықтардың бірі деп жариялауы оларға дем бере түседі», ? деді С.Кемалов.Марапатталғандардың ішінде «Раушан» шаруа қожалығының басшысы Асылбек Рахатовтың, аяқжол құйматастарын шығаратын кәсіпорын құрған Глеб Ишутиннің есімдері аталды.