Атырауда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 4-ші тур ойындары өтеді

АЛМАТЫ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Атырауда ақпанның 9-16 күндері волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында XVIII Қазақстан чемпионатының 4-ші тур ойындары өтеді,

Атырауда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 4-ші тур ойындары  өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үшінші тур ойындары қаңтардың 18-і күні Петропавлда аяқталған болатын. Оның қорытындысы бойынша қазір турнир кестесінде 40 ұпаймен «Алматы» командасы көш бастап келе жатыр. Одан 2 ұпайы кем «Қазхром» (Хромтау) мен «Атырау» үздік үштікті түйіндеуде. Ал 24 ұпайы бар «ЦСКА Алматы» мен 23 ұпайы бар «Атырау-2» турнир кестесінің (7-8 орын) соңында тұр. Атыраудағы 4-ші тур ойындары «Қазхром» мен «ЦСКА-Алматы» командаларының кездесуімен басталады. Одан кейін алаңға «Шығыс-СвинцСтрой» (Өскемен) мен «Конденсант» (Орал), «Алматы» мен «Атырау-2», «Атырау» мен «Есіл» (Петропавл) шығады. Бағдарлама бойынша ойындар ақпанның 16-сы күні «Конденсат» пен «Атырау» волейболшылары арасындағы сайыспен аяқталады.