15:33, 14 Қаңтар 2009 | GMT +5
Атырауда жастар арасында сауалдама жүргізу басталды
АТЫРАУ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда 14 пен 29 жастың аралығындағы жастар арасында кең ауқымды сауалдама жүргізу басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сауалдаманы облыстық ресурс орталығының мүшелері өткізуде. Мектеп оқушыларына, студенттерге, жас жұмысшыларға «Сіз алған немесе алатын мамандығыңызға ризасыз ба?», «Сіздер мемлекеттік мерекелерді атап өтесіздер ме?», «Саясатқа қызығушылық білдіресіз бе?» деген сұрақтар қойылды. Сауалдама мақсаты ? жастардың қоғамдық саяси деңгейін анықтау, бұл санаттағы адамдардың әлеуметтік проблемаларына назар аудару. Алынған мәліметтер Атырау облысында жұмыс істеп жатқан жастар ұйымдарының жаңа бағдарламаларын қабылдауда пайдаланылатын болады.