Атырауда жол талғамайтын көлік супермаркеттің қабырғасына соғылды

АТЫРАУ. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Атырауда жол талғамайтын үлкен көліктің жүргізушісі супермаркеттердің бірінің жанына тоқтамақ болып, оның қабырғасына соғылды.

Атырауда жол талғамайтын көлік супермаркеттің қабырғасына соғылды

«Жүргізуші де, жолаушылар да зардап шеккен жоқ. Қабырға қалауы аздап бүлінді. Болжам бойынша, «Мицубиси-Паджеро»-ның жүргізушісі алкогольді мас күйінде болған. Ал бұл өте өрескел бұзушылық», - деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова.