Атырауда жолақыны электронды түрде төлеу сыналып жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Атыраудағы №5 және №14 қоғамдық көлігіндегі алғашқы  орнатылған валидаторлар - электрондық билетке арналған мобильді құрылғылар арқылы табыс тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда, Атырауға  200 мобильді төлем құрылғысы жеткізілді. Жылдың соңына дейін барлық қоғамдық көлікке валидатор орнатылатын болады.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім Қалауидің айтуынша, наурыз айының басынан бастап облыстық орталықта «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қоғамдық көлікте жол жүру төлемдерін автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Smart-ТКШ» компаниясы 6 тасымалдаушы-компаниямен келісімшартқа қол қойды. Қазірдің өзінде 1 қазаннан бастап барлық жол серіктерге 200 мобильді төлем құрылғысын шығаруды жоспарлап отырмыз. Барлық автобустарға QR код беріліп, төлемдердің басқа түрлерін жасауға болатын «SmartQala» мобильді қосымшасы іске қосылатын болады. Электрондық билет жүйесін енгізудің мақсаты - қоғамдық көлік жұмысының  ашық болуын қамтамасыз ету», - деп түсіндірді қала әкімінің  орынбасары.

Осылайша, валидатор автоматты түрде автобустардағы жолаушылардың қозғалысына қатысты  ақпаратты электрондық дерекқорға жүктейді. Жаңа жүйенің енгізілуінің арқасында қоғамдық  көлікте қызмет көрсету сапасы, жүргізушілердің және жол серіктердің жалақысы, сонымен қатар, тасымалдаушы компаниялар табысы, бюджетке түсетін салық түсімі көбейетін болады. Бұдан басқа, автобустардың қызмет ету сапасы артады, себебі қоғамдық  көліктің техникалық күйін жақсы жағдайда ұстау үшін қаражат төленетін болады.

«Пилоттық жоба кезінде жолаушылар валидатор арқылы қолма-қол ақша төлейтін болады. Жүйе іске қосылғаннан кейін арнайы төлем карталары енгізіледі. Жолақы картасының құны 300 теңге болады.

Зейнеткерлер мен мүгедектерге және ардагерлерге арнайы тегін карталар беріледі», - деп атап өтті «Smart-ТКШ» компаниясының өкілі Ерлан Нұрланұлы.

Еске сала кетейік, Астана мен Алматыда электронды билеттерді сату жүйесі енгізілді. Атыраудағы жобаның артықшылығы - төлемдер онлайн-форматта қабылдануы. Бұл сізге жолаушылардың санын біле отырып , сондай-ақ автобустардың бір-бірімен байланыста болуына, күнделікті жұмыстары туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Жалпыға қолма-қол ақша, банк картасы, Bluetooth, NFC-қосымшасы бар смартфон, sms-хабарландыру және QR-коды үшін 9 түрлі төлем түрлері болады.

Айта кетейік, қыркүйек айының соңында қалаға 20 жаңа автобус қабылданады. Биылғы жылдың соңына дейін Атырауға 100 автобус шығып,  жаңа қоғамдық көліктер төлем құрылғыларымен жабдықталатын болады.

Соңғы жаңалықтар
telegram