Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Атырауда жыл соңына дейін үш жаңа кәсіпорын іске қосылады

РАУ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Жыл соңына дейін Атырауда үш жаңа кәсіпорын іске қосылады. Бұл туралы бүгін аймақта екікүндік жұмыс сапарында жүрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа баяндалды.

Атырауда жыл соңына дейін үш жаңа кәсіпорын іске қосылады

Мемлекет басшысы қатысқан инвестициялық жобалар таныстырылымында облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат Дәукенов қараша айында құрылыста кеңінен қолданылатын жеңіл 3D панельдерін шығаратын зауыт алғашқы өнім беретінін хабарлады. Зауыт құны - 1 миллиард 855 миллион теңге. Қуаты - жылына 900 мың шаршыметр панель шығара алады.

Желтоқсан айында металл прокаты өндірісі комбинаты пайдалануға берілмек. Кәсіпорын қуаты - жылына 3 мың тонна металл прокатын шығарады. Жыл соңына дейін Индер кентіндегі құрғақ құрылыс қоспалары өндіретін зауыт та жұмыс жасай бастайды.,

Бұл кәсіпорындарда 300-ден астам адам жұмысқа ие болады.